15 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар тағы арзандады
Фото: Zakon.kz
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,88 теңгені (-0,06) құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,31 теңгеге (-0,01) дейін төмендеді.
Қытай юанінің күндізгі сауда-саттықтағы бағамы 66,79 теңге (-0,12) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447,6-450 теңгеден, еуро 515,2-520,4 теңгеден, ал рубль 5,08-5,19 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
15 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы қымбаттап жатыр.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстерінің құны 1,79%-ға өсіп, барреліне 107,57 долларға жетті.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері 1,91%-ға қымбаттап, барреліне 103,33 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 447,8 теңге, еуроны 516,76 теңге, ал рубльді 5,3 теңге деңгейінде белгіледі.