4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 0,53 теңгеге өсіп, 456,56 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 5,27 теңгеге жетті.
Қытай юанінің орташа бағамы 0,06 теңгеге өсіп, 68,29 теңгені құрады.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 456,2-458,3 теңгеден;
- еуро 529,2-534 теңгеден;
- рубль 5,17-5,29 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
4 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерсі 0,4%-ға арзандап, барреліне 95,11 доллар болды.
Қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерсі де 0,4%-ға төмендеп, барреліне 90,97 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 455,86 теңге, еуроны 528,84 теңге, рубльді 5,25 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстанның ақша айырбастау орындарындағы 4 қыркүйектің бірінші жартысына арналған валюта бағамдарын осы жерден көруге болады.