9 қазандағы саудада доллар бағамы өсуін жалғастырды
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,06 теңгеге көтеріліп, 453,93 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,35 теңгеге дейін өсті (+0,12).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 67,76 теңгені құрады (+0,94).
Ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы – 453,8 теңге, сату бағамы – 456 теңге. Еуроны сатып алу бағамы – 507,6 теңге, сату бағамы – 512,6 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,14 теңге, сату бағамы – 5,26 теңге.
9 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,5 долларға арзандап, 102,78 долларды құрады.
Нью-Йорктің NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 1,19 долларға төмендеп, барреліне 90,3 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 448,94 теңге, еуроны 502,05 теңге, рубльді 5,26 теңге деп белгіледі.
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінің 9 қазанның бірінші жартысында шетел валютасын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.