Жаңалықтар тізбегі
0

Биылғы жылдың басты марапаты: елгезек шымкенттік жігіт оқуға тегін қабылданды

Волонтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 22:39 Сурет: Facebook/Кенже Жанбуршина
Жазда Құрмет бастаған ерікті топ Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының қуаңшылық белең алған аудандарына алты вагон шөп жөнелте алды.

Жазда қуаңшылық орын алып, мал жаппай қырылған өңірге жем-шөп жеткізуді ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы университетке ешқандай емтихансыз қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жоғары оқу орынында тегін бөлімде оқитын болады. Сүйінші хабар Facebook-тегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің парақшасында жарияланды.

Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бүгін Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды.М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығы

Айта кетелік, 2021 жылдың жазында еліміздің батыс өңірлерінде аптап ыстықтан қатты құрғақшылық орын алып, мал қырылды. Жем-шөп қат болғаны сонша жергілікті тұрғындардың кейбірі ірі-қараға картон қағазын езіп бере бастады. Осындай қым-қуыт кезде Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы шөп шабу, сондай-ақ қуаңшылық өңірлерге мал азығын жеткізуге қаражат жинау үшін волонтерларды ұйымдастырған болатын. Құрмет бастаған ерікті топ Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының қуаңшылық белең алған аудандарына алты вагон шөп жөнелте алды.

Zakon.kz сайтында бұған дейін "Құрметке" Құрмет лайық" деген мақала жарияланған еді. Желідегі белсенді қауым көтерген мәселе бірнеше сағатта осылайша шешіліп, көптің күпті көңілі орнына түсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: