Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 14 жастағы бала «құтырмадан» қайтыс болды

баланы ит қапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 18:36 Сурет: pixabay
Түркістан облысында ит қауып алғаннан кейін бір жылдан соң 14 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-анасының айтуынша, баланы ит өткен жылдың мамыр айында қауып алған. Бірақ, олар медициналық көмекке жүгінудің орнына өздері үйде ем-домын жасаған. Алайда құтырма дерті тек бір жылдай уақыт өткен соң ғана белгі бере бастаған, деп жазады turkystan.kz.

7 сәуірде жасөспірімде қорқыныш, үрей, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен жарақат алған жердің ауырсынуы, су ішу кезінде ауаның жетіспеушілігі және жалпы әлсіздік сияқты аурудың белгілері пайда болған. Келесі күні баланың ата-анасы тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген. Дәрігерлер оған сүйек ауруына қарсы емдеу тағайындаған.

Емге қарамастан баланың жағдайы нашарлай берген. Бала бел тұсындағы ауруларға шағымданады. Баласына ем-дом іздеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, дәстүрлі емес медицина өкілдеріне жүгінген.

УДЗ өткеннен кейін жасөспірімде бүйректегі қабыну анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ баланың беті бері қарамаған: балада ентігу, гидрофобия, аэрофобия пайда болған.

«Жағдайы күрт нашарлаған баланы 10 сәуірде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға апарып, жұқпалы аурулар бөлімінде оған құтырма диагнозы қойылды. Сол күннен бастап барлық отбасы мүшесі медициналық бақылауға алынды. Алайда сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмады. Ол келесі күні – 11 сәуірде көз жұмды», – делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: