Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлаған ер адам ұсталды

кәріз қақпағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 15:48 Сурет: pixabay
18 мамырда Қарағанды қаласының Ә.Бөкейханов атындағы ауданның жеке үйлер орналасқан төрт көшесінде кәріз люктерінің қақпақтары ұрланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың коммуналдық шаруашылығына 210 мың теңге көлемінде залал келтірілді.

Өтіп бара жатқан адамдардың ашық люктерге құлауын болдырмау үшін ұйым құдықтарды жедел жауып тастады.

Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне ЖШС басшысынан өтініш келіп түсті.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ауданның 39 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адам кінәсін толық мойындап, ұрланған қақпақтарды қайтарды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: