Атыраулық полицейлер 7 жыл құжатсыз жүрген шетел азаматын анықтады
Сурет: polisia.kz
Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 1 қазан мен 1 қараша күндері аралығында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Zаkon.kz.
Іс-шара кезінде тәртіп сақшылары 2015 жылдан бері құжатсыз жүрген 53 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
53 жастағы шетел азаматы Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды, деп жазады Polisia.kz.
Қазіргі уақытта шетел азаматына қатысты көші-қон полиция қызметкерлері тиісті іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript