Телефондарды цементке тығып жүк көлігі арқылы ШҚО колониясына өткізбек болған
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД
Өскемен қаласында ШҚО бойынша ҚАЖД №17 түзеу мекемесінің аумағына колония қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп тыйым салынған заттарды алып өтудің кезекті әрекетін тоқтатты, деп хабарлайдыZakon.kz.
Сонымен, жүк көлігінің корпусын тексеру кезінде асфальт бөлігінің ішінен цемент құйылған бөлшек табылып, тәркіленді. Тәркіленген бөлшектен iPhone моделді телефон мен смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды".
Қазір колония қызметкерлері жағдайды және сәлемдеменің кімге арналғанын анықтауда.
Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, материалдар іс жүргізу шешімін қабылдауға жіберілді. Бірнеше рет ескертулерге, сондай-ақ заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, түрме аумағында пайдалануға тыйым салынған заттар мен тауарларды кіргізу жалғастыруда. Департаменттің ресми өкілі әділет капитаны Салтанат Ожиканова
50 жастағы Камаз жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Орта қауіпсіздік колониясының қызметкерлері тыйым салынған заттарды сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы беруге 150-ге жуық әрекет жасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript