4 қарашадағы саудада доллар аздап көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 464,45 теңгені (+0,58) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,04 теңгені (+0,88) құрады.
Еуро мен Ресей рублімен сауда-саттық болған жоқ, еуро бағамын Ұлттық банк 452,1 теңге, рубль бағамын 7,47 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 465-469 теңге, еуро 455-461 теңге, ресей рублі 7,13-7,33 теңге аралығында сатылуда.
Ал, 4 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,7%-ға өсіп, барреліне 95,32 долларды құрады.
АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері барреліне 0,8%-ға өсіп, 88,83 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript