Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Әуесбаев: Қазақстан қарама-қайшылықтар мен жүйелі мәселелерді еңсере алады

Нұрлан Әуесбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 15:20 Сурет: Нұрлан Әуесбай штабының баспасөз қызметі
Қазақстан 30 жыл бойы бұрыс бағытта жүріп келді. Нәтижесінде қоғам мемлекеттің дамуын тежеп отырған бірқатар жүйелік мәселелерге тап болды. ЖСДП атынан Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасын дәл осындай ой-толғаудан бастайды.

Дамуға жол бермей тұрған мәселелердің бірі – мемлекеттің басқару жүйесінің тиімсіздігіне әкеп соқтырған сыбайлас жемқорлық.

Кезек күттірмейтін тағы бір мәселе – билік пен олигархаттың ауыз жаласуы. Бүгінде экономика олигархтардың не квазимемлекеттік компаниялардың қолында. Оларды халықтың мүддесі мүлдем қызықтырмайды. Қатардағы қазақстандықтар жыл сайын кедейленіп барады. Азық-түлік бағасының ұдайы өсуі қалыпты жағдайға айналды. Қарапайым халықтың несиеге деген тәуелділігі күшейіп барады. Мүшкіл хәлге ұшыраған халықты құтқаруы тиіс әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы да мәз емес.

Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында: «Ауруханалардағы төсек-орын жеткіліксіздігі пандемия кезінде өлім-жітім көрсеткішін еселеп жіберді. Мектептегі орын тапшылығы өскелең ұрпақтың жарқын болашаққа деген үмітін үзуде. Сапалы білім ала алмаған жастарымыз бәсекеге қабілетсіз болып, сәйкесінше жоғары деңгейде өмір сүре алмайды», - делінген.

Бұл бассыздыққа көнуге болмайды. Кандидаттың пікірінше, бүгінгі күні қоғам, бизнес және мемлекетті тепе-теңдік жағдайына қайтаруымыз керек: бұл дегеніміз – азаматтардың қайта пайда табуы, бизнестің олигархат не мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қорықпай, адал жұмыс істеуі.

«ЖСДП ұраны – «Еркіндік. Әділдік. Ынтымақ!». Мен әр шешімі азаматтарымыздың игіліне жұмыс істеп, пайдасына асырылатын әлеуметтік-жауапты тәртіпті орната алатынымызға сенемін. Парақорлықпен күрес кезінде, әсіресе саяси деңгейде, батыл шаралар қолданылмаса, Қазақстан тұрақты даму жолына түсе алмайды», - деп есептейді кандидат.

Нұрлан Әуесбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 15:20

Сурет: Нұрлан Әуесбай штабының баспасөз қызметі

ЖСДП мемлекетті әділ басқару арқылы саяси жүйені өзгертуге болады деп сенеді. Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Қазақстан парламенттік-президенттік республикаға айналуы тиіс деп есептейді.

Сенат болса, ЖСДП кандидатының пікірінше, жойылуы қажет. Мәжіліс Үкіметті жасақтайтын жалғыз заңнамалық орган болуы тиіс. Президент болса, министрлер кабинетін жасақтау құқығына ғана ие болады.

«Мәжілістің 50%-ы партия тізімдері бойынша, тағы бір жартысы бір мандаттық округтар бойынша сайлануы керек. Осындай нақты қадам арқылы ғана біз сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болатын халықтық парламенттік бақылауды жасақтай аламыз», - деп санайды Әуесбаев.

ЖСДП-дан кандидаттың сайлауалды бағдарламасында экономикалық сипатттағы шаралар да бар. Әуесбаев ұрланып, оффшорларда жасырылып жатқан дүниелерге қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, елге қайтаруды ұсынады.

«Жобамен есептегеннің өзінде Ұлттық қорымыздың үшеуіне тең келетін әлеует шет елде жатқаны мәлім. Бұл азаматтарымыздың ақшаға шаққандағы болашағы», - деп атап өтеді кандидат.

Пайдалы қазбаларды өндіру және экспорттау салаларын бірте-бірте ұлттандыру қолға алынады. Ұлттық өңдеуші өнеркәсіпке басымдық беріледі.

Сайлауалды бағдарламада сонымен бірге: «Салық саясатын толықтай қайта қарастыруымыз керек. Нарықта ауқымды үлесті иеленіп отырған компаниялар мен конгломераттар ел бюджетіне айтарлықтай көп төлем енгізуге міндеттелуі тиіс. Бұл салық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, мемлекеттік қарызды азайтуға, Ұлттық қорды сақтап қалуға қызмет етеді», - делінген.

Аталмыш құжатта мемлекеттің әлеуметтік саясаты мәселесі де көтеріледі.

«Адам – біздің саясатымыздың басты назарында. Мен адамдардың негізгі қажеттіліктері ескерілетін қазақстандықтардың өмір сапасының Стандартын енгіземін», - дейді Әуесбаев.

Медицина және білім беру саласы бюджеттен қаржыландырылады. Әр салаға жылына ЖІӨ-нің ең кемі 5-7%-ы бөлінуі керек. Біз азаматтарға қажетті мөлшерде мектеп пен ауруханалар салатын боламыз.

«Мен тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарап шығамын. Қазіргі кезде бағдарламалар құрылыс салушылардың мүддесіне әрі қалтасына жұмыс істеуде», - деп санайды кандидат.

Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Қазақстан еркіндік, әділдік, ынтымақ арқылы жүйелік мәселелер пен қиындықтарды еңсере алады деп атап өтеді.

Тапсырыс беруші: Н.С. Әуесбаев

ҚР Президенттігіне кандидат Н.С. Әуесбаев сайлау қоры есебінен төленді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: