Алматыда көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда ұрлық жасаған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 13:46 Сурет: polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері көлік ішінен бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп жазады Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны құрықтады. Ол 36 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Көлікті ашқаннан кейін ер адам сатуға болатындардың барлығын: тескіштерді, бұрғыларды, дөңгелектерді, құрал-саймандарды алып кеткен. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас кемінде үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоқтығы анықталуда, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Спикердің айтуынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: