ҚМА Михаил Козачковты тұтқындау кезінде заң бұзушылық болды деген айыптарға жауап берді
«Оны жүргізудің негіздемесі мен қажеттілігін тергеу соты тексеріп, қорытындысы бойынша санкция берді.
Бұл тергеу әрекеті пәтер иесінің тікелей қатысуымен, куәгерлердің қатысуымен жүргізілді. Тінтудің бүкіл барысы бейнекамераға жазылып қалған. Өтініште қорғаушылардың қатысу қажеттілігі айтылмады.
Тінту – дәлелдемелердің жоғалу қаупіне байланысты кідіріссіз жүргізілуі тиіс, сондықтан қорғаушының қатысуын талап етпейтін тергеу әрекеті. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде оларсыз бұл тергеу әрекетін жүргізуге болмайтын тұлғалардың тізімі нақты белгіленген.
Адвокат Веретельникова келген кезде тінту жүргізіліп қойған және тергеуші тергеу әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге міндетті және жоғалту мен бұрмалауды болдырмау үшін оны жүргізу орнына кіруді шектеуге құқылы.
Айта кету керек, кейіннен көліктер мен басқа да үй-жайларды тінту қорғаушылардың қатысуымен жүргізілді.
Күдікті Козачковқа қатысты барлық тергеу әрекеттері тек оның адвокаттары Құсайынова Назкен мен Игорь Панның қатысуымен жүргізіледі.
Қорғаушылар ұсталған адаммен байланыса алады, тергеу органы бұған кедергі келтірмеді.
Игорь Панның клиентке кірмеуіне қатысты шағымдары түскен жоқ.
Веретельниковтың адвокаты бұрын осы іс бойынша жәбірленуші А.Абдығаппаровтың мүддесін қорғағанымен, Козачковтар отбасына заңгерлік көмек көрсететінін ескертеміз.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 33-бабының 8-тармағына сәйкес мүдделер қақтығысы болған кезде адвокатқа заң көмегін көрсетуге тыйым салынады.
Сонымен бірге, бұл жағдайда кәсіптік этика кодексінің бұзылған-бұзылмағаны жайындағы жайт адвокаттар алқасының қарауына жатады.
Прокуратура органдары өз тарапынан Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығын бағалайтын болады», - делінген ҚР ҚМА-нің хабарламасында.