Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері 6,5 мың қазақстандық әйел ЭКО жасатқан

6,5 мың адам ЭКО жасатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 17:05 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында 6,5 мың әйел экстракорпоралды ұрықтандырудан (ЭКҰ) өткен, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім еткендей, «Аңсаған Сәби» бағдарламасы 2021 жылдан бастап іске қосылды. Ол жыл сайын 7000 ЭКҰ квотасын береді.


"2022 жылы бағдарламамен 6,5 мың әйел қамтылса, қалғаны кезекте тұр. "Аңсаған Сәби" бағдарламасы бойынша бұрын жасалған ЭКО процедураларының нәтижесінде 2654 отбасында көптен күткен 3110 бала дүниеге келді". Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник

Оның айтуынша, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім көрсетуді жақсарту мақсатында елімізде халықаралық стандарттарға сай заманауи 11 перинаталдық орталық салу да жоспарда бар.

Белгілі акушер-гинеколог, репродуктолог Вячеслав Локшин Zakon.kz тілшісіне елімізде күрделі медициналық-әлеуметтік мәселе - бедеуліктің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: