Алматы тұрғындарын тонаған күдіктілер УҰИ-ға қамалды

Алматы тұрғындарын тонаған күдіктілер УҰИ-ға қамалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 15:16 Сурет: Zakon.kz
Жәбірленушілердің айтуынша, кешкісін адам көп жүрмейтін көшеде үш белгісіз адам оларға шабуыл жасап, ұрып-соғып, телефондарын, ақшалары мен гаджеттерін алып кеткен.


"Жәбірленушілер көрсеткен белгілер бойынша қылмыстық үштік ұсталды. Қаскөйлер 21-22 жастағы жеткіншектер. Алматы және Жамбыл облыстарынан келген. Олар өз кінәларын мойындады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша тергеліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 3 эпизод анықталды, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров."

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: