Жаңалықтар тізбегі
0

Пәтер ұрылары клинингтік қызмет көрсету кейпімен қала тұрғындарын тонаған

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, оружие, пистолет, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 14:19 Фото: Zakon.kz
Ақтауда ер адам мен әйел клинерлер кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен.

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін қылмыскерлер тез арада құрықталды. Олардың кінәсі тәркіленген ұрланған мүлікпен және мойындау айғақтарымен дәлелденіп отыр.

Күдіктілер Ақтау қаласының бұрын есірткі сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы тұрғыны мен оның 43 жастағы танысы болып шықты.

Қазіргі уақытта екі фигурант та қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. ІІМ пәтерлерді тазарту қызметтері бойынша тек сенімді клинингтік компанияларға жүгінуді ұсынады.

"Мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы – тазалау процесін бақылауда ұстау. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда үй-жайдан құнды заттарды алып кеткен жөн. Бейнебақылау камераларын қолдану да өзекті. Егер пәтерді тазалап болғаннан кейін сіз заттарыңыздың жоғалғанын байқасаңыз, дереу клинингтік компанияның қызметкерлері мен басшылығына хабарласыңыз. Егер жоғалған мүлік қайтарылмаса және табылмаса, онда полицияға жүгіну қажет", – деді ведомствода.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: