Астанада бірнеше көше уақытша жабылады

Астана, жол жөндеу, көлік қозғалысына шектеу, Астана әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 10:03 Сурет: pixabay
Елордада орташа жөндеу және тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше көше уақытша жабылады. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Қордай көшесінде орташа жөндеу жұмысын бастайды.

"Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-25 маусым аралығында Қордай көшесінің Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмысы жүргізілетіні белгілі болды:

  • 21 маусым сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі;
  • 22 маусым күні сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
"Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Сұлукөл көшесіндегі тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Шұғыла көшесіндегі жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізуде", – деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 22 маусымнан 15 шілдеге дейін Шұғыла көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскелері кезең-кезеңмен ішінара жабылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына  қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды кеңес етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: