Италия жағалауында 41 мигрант суға кетті
Сурет: pexels
Жерорта теңізінің орталық бөлігінде Италияға жақын маңда қайық апатынан 41 мигрант суға кетіп, ажал құшты.
Бұл туралы "Қызыл Крест" ұйымы хабарлайды. 3 тамызда Тунистің Сфакс қаласынан жолға шығып, қатты толқынның кесірінен апатқа ұшыраған қайықта 45 адам болған, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Арасында 3 бала бар. "Қызыл Крест" 4 жолаушының тірі қалғанын айтады.
"Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралында 4 мигрантты құтқарып қалды. Олар апаттан кейін камераларды ұстанып, суда жүзіп келе жатқан. Көрер жарығы бар екен. Қайықтың қозғалқышы істен шыққан". Игнасио Шинту, "Қызыл крест" ұйымы бас хатшысының орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript