Астанада кәсіпкерге моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге талап еткен

Кәсіпкерден ақша бопсалаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 09:27 Сурет: Zakon.kz
ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен.

"Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады. Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде."ҚМА баспасөз қызметі

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Құрметті кәсіпкерлер! Өздерін фискалдық және басқа органдардың қызметкерлері деп таныстырған азаматтардың заңсыз сыйақы талап етіп, қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА call-орталығына 1458 телефоны арқылы дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: