Тимофей Скатов US Open-нің бірінші айналымында әлемнің 13-ракеткасынан жеңілді

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2023 09:33 Сурет: olympic.kz
Астана уақытымен бүгін таңға жуық US Open турниріндегі қазақстандық Тимофей Скатов пен аустралиялық Алекс де Минор арасындағы кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимофей Скатов бір сетте 6:3 есебімен қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Алайда қазақстандық қалған сеттерде ұтылып қалды. Кездесудің жалпы есебі 2:6, 6:3, 1:6, 5:7.

Айта кетейік, аустралиялық Алекс де Минор әлемдік рейтингіде 13-орында тұр. Бұған дейін теннисшілер кортта кездеспеген.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да италиялық Мартина Тревизаннан жеңіліп қалған еді. Осылайша, турнирде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ғана ойнап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: