Иранда хиджаб кимеген актрисалар киноға түсе алмайды

Иранда хиджаб кимеген актрисалар киноға түсе алмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 13:33 Сурет: pixabay
Иранда хиджаб киюден бас тартқан актрисалар енді фильмге түсе алмайды.

Мұны осы елдің Кино өнерін кәсіби бағалау және қадағалау басқармасы жетекшісінің орынбасары Хабиб Иль Беги IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, кинодан аластатылған әйелдердің тізімі де жасалып қойған.

Дегенмен, бұл актрисалар осы тыйымға дейін түскен картиналарға қомақты қаржы жұмсалғандықтан, продюсерлердің мүддесі үшін біртіндеп экранға шығарылмақ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: