Тоқаев ТМҰ елдерінде әлемнің ең үздік университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынды

Тоқаев ТМҰ елдерінде әлемнің ең үздік университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 14:24 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде ұйымға мүше елдерде әлемнің үздік университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми әріптестік негізінде білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.

"Елімізде әлемнің үздік университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынамын, бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізіп, тәжірибе алмасу қажет. Тіл бөлімдерін ашуға байланысты жұмыс қайта жандануы керек. Жасанды интеллект, цифрлық және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту ерекше назар аударуды қажет етеді", – деді Қазақстан Президенті.

3 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы қандай ұранмен өтетінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: