Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысының тұрғыны полиция қызметкерлеріне қару қолданған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 23:04 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында полиция қызметкерлеріне қару қолданған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz. polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

12 қарашада Қарабалық ауданында полиция қызметкерлері сағат 21:00-де Алматы – Екатеринбург автожолында, Приуральск кентінің аумағында габариттік шамдарын қоспай жүріп келе жатқан УАЗ автокөлігін байқады. Бұл жағдайда жүргізушінің мінез-құлқы полиция қызметкерлеріне күдік тудырды. Полицейлердің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабына жүргізуші жауап бермеді және рөлді басқара алмай, кюветке шығып кетті. Сондақ-ақ жүргізуші қашпақ болып, тәртіп сақшыларына қарай бірнеше рет қарумен оқ атқан. Көлікті тастап, жүргізуші оқиға орнынан қашып, қаруды өзімен бірге алып кетті. Аудан аумағында "Сирена" жоспары жарияланып, жеке құрам дабыл бойынша көтерілді.

Қостанай облысы полиция департаменті арнайы бөлімшесінің қатысуымен өткен іздестіру іс-шаралары барысында ауданның 35 жастағы тұрғыны мас күйінде, өзінің танысының пәтерінде ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жауап ретінде қару қолданбаған, оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Іс бойынша аңшылық қос ұңғылы мылтық, патрондар мен спирттік ішімдіктер тәркіленді.

Қазіргі уақытта қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сол күні қылмыскер күдікті деп танылып, Қарабалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер ұсталған адам бұрын тәртіп сақшыларының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын ескермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ведомствода тұрғындарға полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау фактілері үшін әкімшілік және қылмыстық жаза туралы еске салады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: