Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция балаларды интернеттегі қауіптен қалай қорғауға болатындығы туралы кеңес берді

Балаларды интернеттен қалай қорғаймыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 16:07 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрлігі баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерімен бөлісті.

Полицейлердің әзірлеген ұсыныстарына сүйенсек, ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарына мүмкіндігінше бақылап отыру керек.

Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға айтпаңыз. Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамаңыз, олардың нұсқауларын орындамаңыз. Ведомствоның кеңесі бойынша балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау ұсынылады.

Ең дұрысы – сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау. Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптерінен қорықпаңыз. Қашықтан қол жеткізу бағдарламаларды орнатпаңыз.

"Интернет-пайдаланушылар сізге қоқан-лоққы көрсетсе, уайымдамаңыз. Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы ата-анасына, әпке-бауырларына, мұғаліміне және т.б дереу ұялмай, айту керек", – деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ полиция қашықтан қол жеткізу үшін бағдарламаларды орнатпауға кеңес береді. Бұндай қосымшаларды орнатпас бұрын, ол туралы интернетте оқып, оның не үшін қажет екенін біліп алу керек.

ІІМ ата-аналарға ұсынады: баланы интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы хабардар етіңіз, сондай-ақ оны бөгде адамдар мен қажетсіз контенттен қорғауға көмектесетін ата-ана бақылауы, қауіпсіз іздеу сияқты параметрлерді қолданыңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: