Ақтауда терезеден жиһаз тастаған тұрғын жауапқа тартылды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 14:08 Сурет: Zakon.kz
Ақтауда көп қабатты үйдің терезесінен жиһаз лақтырған тұрғын ұсталды.

Оқиға 4-ші шағын ауданда болған. Ер адам жиһазды 4-ші қабаттан көшеге тастай салған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Полицейлер тұрғынды анықтап, хаттама толтырды, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндай жағдайда заң бойынша небәрі 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Айта кететін жәйт, жыл басында да Ақтауда осындай оқиға тіркелген болатын. Ол кезде жиһаз үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның басына түсті.

Соның салдарынан 39 жастағы азамат алты ай төсек тартып жатып, қайтыс болды. Ал полицейлер болса, кінәліні әлі таппаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: