Қасымбек: G-Park компаниясына Астанада жаңа нысандар салуға тыйым салынды
Сурет: gpark.kz
22 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек G-Park компаниясына бұрын басталған нысандарды аяқтамайынша жаңа нысандар салуға тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жеңіс Қасымбек G-Park компаниясы Астанада 12 нысан салып жатқанын мәлім етті.
"Расымен де, биыл компания бойынша түрлі мәселелер болды. Бірақ Астана әкімдігі әрбір тұрғын үйге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Біз жағдайды жақсы білеміз. Компания міндетті түрде осы 12 нысанның құрылысын аяқтап, кілтін үлескерлерге тапсырады", – деді әкім.
Оның айтуынша, компанияға ескі жобаларды аяқтамайынша жаңа жобаларды бастауға тыйым салынды.
"G-Park-қа жаңа нысандар салуға тыйым салынды, олар осы 12 нысанды аяқтамайынша, жаңасын сала алмайды", – деп нақтылады Жеңіс Қасымбек.
18 тамызда Астана әкімдігі қалада 90 нысанның рұқсатсыз салынып жатқанын мәлімдеген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript