Астанада су тапшы болмай ма
Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанадағы су мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіс Қасымбек 2023 жылдың маусым айында қаланы сумен қамтамасыз ету мәселесі болғанын еске салды.
"Жыл сайын қала өсіп, халық саны орта есеппен 50-60 мыңға артып келеді. Кейінгі үш жылда халық саны 200 мыңға өсті. Соған сай коммуналдық қызметтерді тұтыну да артып келеді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі де өсіп жатыр. Ал су тұтыну артып келеді. Маусым айында бізде тапшылық болды. Бұл мәселе күрт көтерілген кезде тәулігіне 20-25 мың текше метрге дейін су жетіспеді", - деді әкім.
Оның айтуынша, 10 маусымнан кейін Астана су қоймасынан су құбырының қосымша жаңа желісі іске қосылды. Бұл 90 мың м³ қосымша сумен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар біз қуаты 105 мың м³ үшінші сорғы сүзгі станциясының құрылысын аяқтадық.
"Бүгін тағы бір рет ресми түрде айтқым келеді: қалада су тапшылығы жоқ. Бірнеше жылға белгілі бір қуат қоры жасалды. Сонымен қатар біз су құбырының екінші қосымша желісінің құрылысын аяқтап жатырмыз. Астана су қоймасынан Нұра кен орнына су құбырын тартуды, сонымен қатар "Тельман" кеңейту сорғы стансасын жобалауды бастап жатырмыз. Бұл бізді 2030 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.
2023 жылдың 28 наурызында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астанада ауыз судың азайғаны туралы ақпарат пайда болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript