Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Елордалық мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияға жүгінді., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 10:33 Сурет: Zakon.kz
Елордалық мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияға жүгінді.

Байқоңыр ауданының gолиция басқармасы ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Елордалық мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияға жүгінді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Мән-жайларды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындады.

Сонымен қатар оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады.

Балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін ата-аналар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: