"Алматы-Бішкек" автожолында үздіксіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілді

Алматы-Бішкек автожолында үздіксіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 11:36 Сурет: Zakon.kz
10-наурыздың кешінде Алматы-Бішкек автожолының км 101-143 учаскесінде тұман болып, екі бағытта да көлік қозғалысының жылдамдығы төмендеген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл автожолды айналып өтетін, жалпы ұзындығы 2,5 шақырымдық 2 учаске бар. Діттеген жерлеріне тездетіп жету мақсатында көптеген жүргізушілер айналма жолға шығып, даладағы батпаққа батқан. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері жедел әрекет етіп, көліктерді сүйреп шығаруға көмектесті.

Сондай-ақ, автожолда сынып қалған ауыр салмақты жүк көлік салдарынан көліктердің уақытша кептелісі орын алғанын хабарлаймыз. Алайда, жол қызметкерлері ұйымдасқан жұмыстары арқылы жол-көлік апаттарын болдырмай, көлік қозғалысын қалыпқа келтірді.

Қазіргі сәтте аталмыш бағытта көлік қозғалысына шектеу жоқ, қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: