Астанада фитнес клуб өртенді

Астанада фитнес клуб өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2024 10:28 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада бүгін, 2024 жылдың 19 наурызында фитнес-клубтардың бірінде өрт болды. Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті бір сағатқа жетпей ауыздықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 наурыз күні сағат 08-50-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі 9 мекен-жайына шықты.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр аумақта фитнес-клубтың бу бөлмесінің ағаш қаптамасының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық келуші өз бетінше шықты." ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сағат 09.26-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: