20 наурыздағы саудада доллар тағы өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 14:31 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,25 теңгеге көтеріліп, 451,27 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,55 теңгені (+0,01) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 489,06 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451,7-453,7 теңгеге, еуро 491,5-495,5 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.

Ал 20 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша Brent маркалы мұнай бағасы 0,3%-ға төмендеп, барреліне 87,10 долларды құрады.

АҚШ-тың WTI мұнайының фьючерстері 0,6%-ға төмендеп, барреліне 83 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: