РФ ІІМ: Мәскеудегі терактіге Тәжікстанның үш азаматының қатысы жоқ
Олардың екеуі республикада, біреуі Ресейде Самарада жұмыс істейді, деп жазады ТАСС Тәжікстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бөлім сонымен қатар "іздеуде жүрген" азаматтардың фотосуреттерін берді.
Сурет: әлеуметтік желі
Бұған дейін ресейлік БАҚ мәлімдемелеріне сәйкес, атыс жасады деген алты лаңкестің төртеуінің тұлғасы белгілі болған. Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары деп жазды Baza Telegram арнасы.
Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетке республика азаматтарының қатысы бар деген ақпаратты жалған деп атады.
22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.
Сурет: әлеуметтік желі
Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің соңғы ресми мәліметі бойынша, 115 адам қайтыс болды, құрбандар саны артуы мүмкін.