Тәжікстандықтар Астанада теракт жасауды "жоспарлаған".
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана тұрғыны көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол "102" арнасына телефон соғып, Тәжікстан азаматының пәтерінде теракт ұйымдастырмақ болғанын хабарлады. Ақпарат расталмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полиция департаменті 2024 жылдың 10 сәуірінде хабарлағандай, Астана қалалық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.
"Осы факті бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған ақпарат хабарлаған азаматтың орташа дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталып, ол Астана қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды". Астана ПД баспасөз қызметі
Полицейлер біле тұра жалған хабарлама жасау ауыр қылмыс болып саналатынын ескертеді.
"Болып жатқан лаңкестік актісі туралы хабарлау 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе шектеуге немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп түсіндірді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2024 жылдың 25 қаңтарында Telegram-да Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанай қалаларында мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы анонимді хабарламалар басталды. 15 ақпанда полицейлер қоқан-лоққыларға ТМД елдерінен келген адамдар қатысқанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript