Алматылықтарға бизнес гранттарын уәде етіп, алдап кеткен күдікті анықталды

34 жастағы Алматы тұрғыны кәсіп үшін мемлекеттен тегін грант алып беруді ұсынды. Аңғал азаматтар бейтаныс адамға қызметі үшін сый ретінде қомақты ақша аударған.
Қазір уақытта полицияға алданып қалған 5 алматылық азамат жүгінген.
"Бұл эпизодтардың барлығы ірі алаяқтық негізінде бір өндіріске біріктірілді. Қазір басқа да ықтимал деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды", – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript