Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев СҚО-дағы іссапарынан кейін Қостанай облысындағы жағдайды білуге ұшып барды

Мемлекет басшысы СҚО-дағы іссапарынан кейін Қостанай облысындағы жағдайды білуге ұшып барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 16:48 Сурет: akorda.kz
16 сәуірдегі Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын айтты.

"Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді. Нәтижесінде Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды.",- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Президентке облыстың негізгі гидротехникалық нысандарының, атап айтқанда Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы СҚО-дағы іссапарынан кейін Қостанай облысындағы жағдайды білуге ұшып барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 16:48

Сурет: akorda.kz

Құмар Ақсақалов елді мекендер мен инфрақұрылымдарға төнетін қауіптің алдын алу үшін су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда ұсталатынын айтты.

Жалпы, өңірдегі дамбаларды бекіту, инертті материалдарды төгу нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған.

Тоқаев СҚО-дағы іссапарынан кейін Қостанай облысындағы жағдайды білуге ұшып барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 16:48

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, мемлекет басшысы 16 сәуір күні таңертең СҚО-на жұмыс сапарымен барған болатын. Онда ол эвакуацияланған тұрғындармен кездесіп, жағдайдың едәуір оңалып қалғанын айтты. Артынша, Петропавл су қоймасының жұмысымен танысып, өңірдегі осы бір қиын қыстау кезеңнен шығуға атсалысып жүрген барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: