1 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
Сурет: pxhere
1 мамырда қазақстандықтар ұлттық бірлік мерекесін тойлайды. Қалаларда түрлі мәдени шаралар өтеді. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz тілшісіне Астана, Алматы және Шымкент қалаларында мереке күні ауа райы қандай болатынын айтты.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр, қар жауып, тұман түсуі мүмкін.
"Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 9-11 градус жылы." "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Алматыда да қолайсыз ауа райы сақталады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
"Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы болады", - дейді мамандар.
Ал Шымкентке келсек, 1 мамырда жауын-шашын болмайды.
"Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа бұрылып, 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер мамыр айының басында бүкіл елде ауа температурасы төмендейді деп болжанған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript