Астана, Алматы және Шымкентте +14°C-қа дейін күн жылынады

Дождь, дожди, ливень, ливни, пасмурность, пасмурная погода, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 16:51 Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне 2025 жылдың 19-21 ақпан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты.

Астана қаласының ауа райы болжамы

19 ақпанда: құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -4-6°С.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -3-5°С.

21 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз аздап қар жауады, бұрқасын. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз -4-6°С.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

19 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз +4+6°C.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +3+5°C.

21 ақпан: құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +3+5°C.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

19 ақпан: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +11+13°С.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +10+12°C.

21 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +12+14°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: