Астаналық кәсіпкерлерге электр энергия құны арзандайды

Астаналық кәсіпкерлерге электр энергия құны арзандайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2024 09:56 Сурет: pixabay
Астанада электр энергия құны арзандайды. Бірақ, тек кәсіпкерлерге ғана. 1 маусымнан бастап бизнес өкілдері үшін жарық 18 пайызға арзандады.

Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, "Астанаэнергосбыт" компаниясы заңды тұлғалар үшін электр қуатының тарифін түсірді.

Қолданысқа енетін тариф 1 кВт/сағатына 38 теңге 35 тиыннан - 31 теңге 45 тиынға төмендейді. Яғни, 6 теңге 9 тиынға арзандайды.

"Бұл тариф барлық кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болады. Яғни, ірі, шағын және орта бизнес өкілдері де осы бекітілген тариф құнымен төлейді. Сондай-ақ барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бірыңғай тариф жүйесі енгізіледі." Қанат Құлназаров, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: