Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты
Астана:
21 мамыр: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 13-15 градус жылы.
22 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 17-19 градус жылы.
23 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Алматы:
21 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.
22 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы.
23 мамыр: көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы.
Шымкент:
21 мамыр: көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұрқасын. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.
22 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13, найзағайдың екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
23 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың 21 мамыры мен 23 мамыры аралығындағы ауа райы болжамын айтқан болатын. Олардың айтуынша, тек кей күндері ғана батыс облыстарда жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде -2°С аяз болады.