Астана, Алматы және Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды – жаңартылған болжам

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 13:57 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның үш ірі қаласында 2026 жылғы 21, 22 және 23 тамызда болатын ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

21 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +21...+23°С болады.

22 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +25...+27°С болады.

23 тамызда көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстіктен 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +20...+22°С болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

21 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан және солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +30...+32°С болады.

22 тамызда көшпелі бұлтты. Кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +28...+30°С болады.

23 тамызда көшпелі бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей уақытта екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +26...+28°С болады.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

21 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +35...+37°С болады.

22 тамызда көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +32...+34°С болады.

23 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +31...+33°С болады.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 20-22 тамызда Қазақстанда нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасы кей өңірлерде +41°С-қа дейін көтерілетінін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: