Астанада Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы өзгерді

Астанадағы Тұран даңғылы бойындағы қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске әуежайдан қалаға қарай ашық, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 23-25 мамыр аралығында Тұран даңғылының екінші жағы Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде қала жағынан әуежайға қарай жабылады.
Бұл ретте Тұран даңғылы-Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран даңғылы-Ұлы Дала даңғылының қиылысы ашылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript