Павлодар облысындағы есепшілер жалақыны аудару кезінде 27 миллион теңгені жымқырған
Ұрлық 2021 жылдан 2023 жылға дейін жалғасқан. Әйелдер де әрекетсіз қызметкерлердің есеп шотына ақша салып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындап, дауласпаған. Мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде төленді.
Олардың біріне үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу, екіншісіне алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ сот бұл жазаны шартты деп есептеу керек деп шешті.
Қазіргі уақытта Шарбақты ауданы бойынша пробация қызметінің бақылауында әйелдер апта сайын тіркеуге келіп, тәртібі туралы есеп беруі, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауы, сот белгілеген міндеттерін орындауы қажет;
Үкімге сәйкес, оларға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Бұған дейін Ақтөбедегі бірнеше мектептің есепшілері есепшотына 22 миллион теңге аударған.