Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 816,6 шақырым канал тазаланды

Жамбылда 816,6 шақырым канал тазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 10:34 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" акциясы басталғаннан бері Жамбыл облысында 816,6 шақырым канал мен арық қоқыстардан тазартылған. Бұл жұмыстарға еріктілер, жастар, тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Тараз қаласындағы "Қапал", "Үшбұлақ", "Қарасу-1", "Қарасу-2", "Төрегелді" каналдарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жамбылда 816,6 шақырым канал тазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 10:34

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың соңына дейін 300 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылатын болады.

Жамбылда 816,6 шақырым канал тазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 10:34

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұған дейін аймақ басшысы облыс орталығындағы су каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын.

Жамбылда 816,6 шақырым канал тазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 10:34

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соған сәйкес, қазіргі таңда 6 каналда механикалық тазалық жұмыстары басталып үлгерді. Жалпы, биыл қаладағы 8 канал тазалаудан өтеді.

Жамбылда 816,6 шақырым канал тазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 10:34

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Тараз қаласындағы каналдардың тазалығы назардан тыс қалған емес. Бұл жұмыстар "Таза Қазақстан" акциясы аясында қайта жандана түсті. Мен тұратын "Қарасу" шағын ауданындағы жағалау қаламыздың көрікті жерлерінің біріне айналып келеді. Бұрын қамыс пен қоға басып жатқан аймақ бүгінде талдар егіліп, гүлмен көмкерілген көрікті мекенге айналды. Кешкісін отбасымызбен шығып, осында серуендеуді дәстүрге айналдырдық", -дейді қала тұрғыны Бақытжан Тоқболатов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: