Көкжөтел: Ақтөбе облысында 100-ден астам адам дерт жұқтырған

Көкжөтел: Ақтөбе облысында 100-ден астам адам дерт жұқтырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 15:34 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында көкжөтел өршіп тұр. Биыл аймақта 100-ден астам адам дерт жұқтырған.

Олардың арасында 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар бар.

Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтелді тұмаудан ажырату қиын, деп жазады Almaty.tv.

Сондықтан алғашқы белгілері байқалған сәтте ақ халаттыларға жүгінген жөн. Ауру балалар үшін қауіпті.

Айта кетейік, небәрі 4 айдың ішінде өңірде 43 жағдай тіркелген.

"Ауру жұқтырған балалардың 95 пайызы екпе алмаған. Бұл – аса қауіпті ауру. Бірден медициналық көмекке жүгінген жөн. Былтыр қараша-желтоқсан айларында, жаңа жылдан кейін қаңтар-ақпан айларында дерт қатты өршіді. Қазір жағдай тұрақталып келеді", – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: