БҚО-да көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, сдача крови, переливание крови, анализ, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 13:35 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді.

Барлығы да 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Ауру көбіне балабақшаға немесе мектепке бармайтын балалар арасында және Орал қаласында тіркеліп отыр. Ауырған балалардың барлығы вакцина алмаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Екі жағдайда ата-аналар екпеден бас тартқан, ал бес бала әлі екпе алатын жасқа жетпеген. Жалпы көкжөтел кезінде 6–20 күнге дейін жасырын кезең саналады.

Ал дем алуы қиындайтын уақыт бір айдан да ұзаққа созылуы мүмкін.

Сондықтан көкжөтелдің алдын алып, уақтылы вакцина салдыру қажет дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, вакцинация ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, жоспарлы түрде баланың 2 айында, 3, 4 және 18 айында жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: