Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдікті анықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 15:29 Сурет: Zakon.kz
Елордада көші-қон тұрақтылығын сақтау және көші-қон процестерінің қылмыстық ахуалға жағымсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін азайту мақсатында осы жылдың 12-19 маусым аралығында елордада "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер шетелдіктердің республика астанасында болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заң талаптарын сақтауын, елден дер кезінде шығуын қадағалайды.

Жедел шара басталғалы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 256 шетел азаматы мен 42 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.

42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Іс-шара кезеңінде құрылыс алаңдары, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтары тексеру жалғасуда.

Операция барысында Есіл ауданының көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік екі азаматты анықтады. Олардың бірі Қазақстанда болу мерзімінен асып кеткен.

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды.

Екіншісіне қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: