Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады

Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 09:01 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар тәжірибесін белсенді түрде енгізіп отыр. Айта кетейік, бір жыл бұрын, маусым айында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін кітапханалар құру туралы бастама көтерген болатын.

Алматының екі кітапханасы – Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы мен Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 2023 жылғы қыркүйек айынан бері (2023-2024 оқу жылы) оқырмандарды тәулік бойы қабылдап келеді. Алматының Мәдениет басқармасы бұл әдістеменің оқушылар, студенттер, магистранттар, сондай-ақ докторанттар арасында үлкен сұранысқа ие екенін атады. Осыған байланысты мегаполистің Абай даңғылы, 141 мекенжайында орналасқан тағы бір кітапханасы енді 24/7 режимінде жұмыс істейді.


"Қазір Алматыда үш кітапхана оқырмандарды 24 сағат бойы қабылдайды. Кез келген адам өзіне ыңғайлы уақытта келе алады. Жаңа жұмыс форматы енгізілген соң келушілер саны да артты. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылғы қыркүйек айынан бері Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына 27 650 адам келсе, Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 28 мың оқырманға қызмет көрсеткен. Жалпы алматылықтар кітап оқығанды жақсы көреді. Тек қалалық кітапханалардағы көрсеткіштерге тоқталсақ, оқырмандар жыл сайын кем дегенде үш миллион рет келіп-кетеді", – деп хабарлайды Алматы қаласының Мәдениет басқармасы.

Айта кетейік, Алматыда 28 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Олардың 95%-ы жаңғыртудан өтті: материалдық-техникалық база мен кітап қоры жаңартылып, жайлы оқу залдары мен интернет-залдар пайда болды. Сондай-ақ, Алматы кітапханашылары оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алғаш рет Оңтүстік Корея, Германия және Швейцариядағы үздік кітапханаларда тағылымдамадан өтіп келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: