Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшылар онкологиялық аурулардан қалай сақ болуға болатындығын айтты

Прием у врача, кабинет врача, доктор, больница, поликлиника, МРТ, магнитно-резонансная томография, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 10:54 Фото: akorda.kz
Американдық BMJ Oncology қауымдастығы қатерлік ісік ауруларын болдырмауға көмектесетін күнделікті әдеттер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail ақпаратынша, қатерлі ісік жылдан-жылға жас адамдар арасында кездесіп жатыр. Мәсселен, соңғы 30 жылда 50 жасқа дейін онкопатология диагнозы қойылған адамдардың саны 80% - ға өсті. Сондықтан мамандар қатерлі ісік қаупін барынша азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар кеңестер ұсынады.

Артық салмақтан құтылу

Әсіресе белдегі жиналған артық майлар қауіпті болып келеді. Висцеральды семіздік осылай көрінеді. Бұл жағдайда нормадан сәл ауытқу болса да, сақ болған жөн. Дәрігерлер жастардың артық салмақ қосуын егде жастағы адамдарға қарағанда ультра өңделген тағамдарды, қант пен зиянды майларға бай тағамдарды тұтынумен байланыстырады.

Физикалық белсенділік

Орташа физикалық белсенділік әрқашан тек пайдалы. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісіктің алдын алуға, әсіресе жүзу, серуендеу, және теннис көбірек пайдалы. Жаттығу иммундық жүйені нығайтуға мүмкіндік береді.

Тамақтану әдебі

Ағзаға көкеністердің, жемістер мен шөптердің жетіспеушілігі айтарлықтай рөл атқарады. Сондай-ақ, фас-фуд пен өзгеде зиянды тағамдарды шамадан көп тұтыну, қатерлі ісікке бастар жолдардың бірі.

Сусындарды дұрыс таңдау

Бұл ретте құрамында қант мөлшері көп, газдалған сусындардан бас тартуға кеңес беріледі.

Мұнымен қоса дәрігерлер, күн сәулесінің шабуылынан сақ болуға, ішімдік пен шылымға әуес болмауға шақырды.

Бұған дейін дәрігерлер қарбызды кімдерге жеу ұсынылмайтындығын айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: