Жаңалықтар тізбегі
0

Брюссельде көздің жауын алатын жауһар кілем жайылды

Брюссельде көздің жауын алатын жауһар кілем жайылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 10:45 Сурет: pixabay
Жазғы демалысты пайдаланып ел аралайтын жиһанкездердің көбі Бельгия астанасы Брюссельге жиналып жатыр. Қаланың басты алаңындағы гүлден төселген кілемді көру үшін. Екі жылда бір рет жайылатын кілемнің биылғы ою-өрнегі мен мазмұны да ерекше.

Брюссельдің басты алаңына кілем жылда бегониядан төселетін. Биыл "аптап ыстық пен нөсерлі жауынға шыдас береді" деп ұйымдастырушылар ірі жапырақты нарғызгүлді пайдаланған. Ұзындығы-77, ені-24 метр болатын алып кілемді төсеу үшін 130 ерікті жұмылдырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бұрын кілемнің суреті бір мемлекетке, аймаққа немесе мерейтойға арналып салынатын. Бұл жолы бельгиялық суретшінің ғимараттардың сыртына салатын суреті ұнап, соны кілемнің бетіне түсірдік. Жаңа стиль, жаңашылдық болсын дедік." Ришард Понсин, "Flower carpet" фестивалінің әкімшісі

2 мың шаршы метр жерге кілем төсеуге 500 мың нарғызгүл жұмсалған. Көркі алыстан-ақ көздің жауын алады.

Хош иісті жасыл желекті көруге келгендерде есеп жоқ. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін көркем туындыға тамсанып жүр. 8 еуро төлеп, сұлулықты жоғарыдан, қалалық әкімдіктің балконынан да тамашалауға болады.

Гүлдер ыстықтан солып, басылып қалмас үшін флористер жиі суарып отыр.

"Мен де осы сұлулықты көруге Румыниядан келдім. Биыл жаңа заман стилінде жасалыпты. Бұл асқан төзімділікті, ерен еңбекті талап ететін жұмыс қой. Осы ғажайыпты көрген мен бақыттымын." Флория Траска, турист

Нарғызгүлден жасалған бельгиялық кілемді көпшілік тек төрт күн ғана тамашалайды. Онан соң, суреті ашықхаттар мен күнтізбелерге басылып, алдағы екі жылда Брюссельдің басты символы болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: