Медеуге баратын жолдың соңғы бөлігі бірнеше түнге жабылады

Медео, Медеу, высокогорный спортивный комплекс, лето, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 14:56 Фото: pexels
Алматыда "Медеу" БТСК-не дейінгі жолдың бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше түнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі.

13 және 14 қыркүйекте сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін "Экобекет" аялдамасынан Бейсеуов көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады. Жедел медициналық жәрдем көліктері мен басқа да шұғыл қызметтер жөндеу жұмыстары кезінде кез келген шектеуден емін-еркін кедергісіз жүре алады.

Айта кету керек, ұзындығы 2 км учаске – жөндеуге жоспарланған 6 км көшенің соңғы бөлігі.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: