Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады

                   Алматы жылыту маусымының басталуына дайын  Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады  Алматыда жылыту маусымының басталуы: үйлерге жылу мерзімінен бұрын берілетін болады  Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. Бірінші кезекте, жылу  әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға  берілетін болады. Қазіргі кезде жылыту маусымына дайындық 99%-ды құрайды. «АлТС» ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді. Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желілері қайта жаңартылды. Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді сәтті аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді. Ақауларды жедел  жою үшін 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымында қажетті апатты материалдар мен жабдықтар қоры  жасалған. Апатты жағдайлар кенеттен болған кезде оларды жоюмен 16 апатты және жөндеу бригадалары жұмыс жасайды , олардың құрамында 220 адам мен 56 техника бар. Сондай-ақ, 33 учаскенің пайдаланылатын 7 ауданындағы 714 адам жұмыс істеуге дайын. Еске салсақ, Алматыда жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан басталады, бұл кезде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде +8 градусқа дейін немесе одан төмен түседі. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Өткен жылы жылу 10 қазаннан бастап берілген болатын. Жылуды қосу кезең кезеңімен жүреді: - Әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер); - Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер; - Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар; - Басқа ғимараттар. Тұтынушыларға энергия беруші ұйым жылыту маусымының басталғаны туралы хабарлайды, ал апаттық және сервистік қызметтер объектілерде жылуды қосу жөніндегі нұсқаулықтарды алады., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 09:01 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға берілетін болады. Қазіргі кезде жылыту маусымына дайындық 99%-ды құрайды.
"АлТС" ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді.
Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желілері қайта жаңартылды.
Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді сәтті аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді.
Ақауларды жедел жою үшін 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымында қажетті апатты материалдар мен жабдықтар қоры жасалған.
Апатты жағдайлар кенеттен болған кезде оларды жоюмен 16 апатты және жөндеу бригадалары жұмыс жасайды , олардың құрамында 220 адам мен 56 техника бар. Сондай-ақ, 33 учаскенің пайдаланылатын 7 ауданындағы 714 адам жұмыс істеуге дайын.
Еске салсақ, Алматыда жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан басталады, бұл кезде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде +8 градусқа дейін немесе одан төмен түседі. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Өткен жылы жылу 10 қазаннан бастап берілген болатын.

Жылуды қосу кезең кезеңімен жүреді:
- Әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер);
- Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
- Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- Басқа ғимараттар.

Тұтынушыларға энергия беруші ұйым жылыту маусымының басталғаны туралы хабарлайды, ал апаттық және сервистік қызметтер объектілерде жылуды қосу жөніндегі нұсқаулықтарды алады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: